28. 2. 2024 – Казахстан

Петропавлда мұғалімдер климаттың өзгеруі мәселелерін мектеп бағдарламасына қалай енгізу керектігін талқылады

20 ақпанда Петропавлда мектеп мұғалімдеріне климаттың өзгеруі мәселелерін оқу үдерісіне енгізу бойынша семинар өтті. Семинарға Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының аудандарынан 30-дан астам мұғалім қатысты.

Климаттың өзгеруі тақырыбы соңғы жылдары әлемдегі ең көп талқыланған тақырыптардың бірі болып табылады. Қазақстан қазірдің өзінде шөлейттену, орман және дала аумақтарының өрт қауіптілігінің артуы, мұздықтардың тарылуы, су ресурстарының жетіспеушілігі, топырақ сапасының нашарлауы, көшкін, сел, қар көшкіні, су тасқыны, дауыл желдері, аяз және құрғақшылық сияқты табиғи апаттар санының артуы сияқты климаттық өзгерістердің салдарын сезінуде…

Жаһандық жылыну ересектердің денсаулығына ғана емес, біздің планетамыздағы әрбір баланың жағдайына да кері әсер етеді. Экологиялық білім мен ағартудың негізі мектепте қаланады. Бірақ климаттың өзгеруі біздің күнделікті өмірімізге қалай байланысты екенін білу барлық деңгейде жеткіліксіз. Климат адамдардың денсаулығына қалай әсер етеді, жаһандық климаттың өзгеруіне байланысты қандай әлеуметтік мәселелер туындайды немесе болашақта туындауы мүмкін. Мектеп жасындағы балаларға климаттың өзгеруі туралы қалай қызықты түрде айтуға болады? Қандай мысалдарды қолдану керек? Осы және басқа да мәселелерді семинар қатысушыларымен Қарағанды облысының педагогтары Светлана Александровна Былинская және Елена Петровна Варганова, «Климат өзгеруде - бұл маған қатысты» мектепке арналған оқу материалдарының жиынтығын әзірлеушілер талқылады.

Семинар «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Әдістемелік орталығы» КММ және «ЭкоБейне» экологиялық білім беруді үйлестіру және ақпарат орталығының қолдауымен өтуде. Петропавл мұндай семинарды өткізген алғашқы қала болды, кейінірек олар Қазақстанның тағы 13 қаласында өтеді.

Мұғалімдерді оқыту Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы қоғамдық бірлестігінің екі жобасын біріктірген «КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БІЗДІҢ ЖАУАП» бастамасы аясында жүргізіледі:

- «Қарағанды облысындағы климаттың өзгеруінің салдарын жеңілдетуге азаматтық қоғамның қатысуы» - Еуропалық Одақтың (ЕО) қаржылық қолдауымен Чехияның «Арника - азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық ұйымымен және Чехия Сыртқы істер министрлігінің өтпелі кезеңге жәрдемдесу бағдарламасымен серіктестікте іске асырылады.

- «Қарағанды облысындағы климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды іске асыру» - Германияның Федералдық экономика және климатты қорғау министрлігі (BMWK) және Германияның Федералдық Сыртқы істер министрлігі (AA) қаржыландыратын және GmbH халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы (GIZ) арқылы іске асырылатын халықаралық Климаттық бастаманың (IKI) шағын гранттар бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылады.

 

 Қазақ тіліне аударған: Маликова Дильназ Арманқызы.