26. 1. 2024 – ҚАРАҒАНДЫ

Халықаралық таза энергия күні

Өткен жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қарар қабылдады, оған сәйкес 26 қаңтарда Халықаралық таза энергия күнін (International Day of Clean Energy) атап өту туралы шешім қабылданды. Бұл күн кездейсоқ таңдалмады, 26 қаңтар – халықаралық жаңартылатын энергия агенттігінің (IRENA) құрылған күні. Бұл маңызды экологиялық күн таза энергияға көшу бойынша іс-қимылдарды атап өтуге және күшейтуге бағытталған.

Таза энергияның дамуы климаттың өзгеруімен күресуге көмектеседі, өйткені парниктік газдардың негізгі бөлігі қазба отындарын жағу нәтижесінде пайда болады. Таза энергияны өндіру үшін көмір мен газ сияқты ресурстар жұмсалмайды, парниктік газдар бөлінбейді және мұндай энергия көздері таусылмайды. Бұл күн, гидроэнергетика, жел және биоэнергетика. 

Жаңартылатын энергия қазірдің өзінде бүкіл әлем бойынша электр энергиясының шамамен 29% қамтамасыз етеді. ЖЭК пайдалану бойынша елдердің көшбасшысы-Норвегия (мұнда ресурстардың 98% ЖЭК-тен өндіріледі), одан әрі Бразилия мен Жаңа Зеландия (84% және 80%).

Қазақстан бұл рейтингте әлі де алыс. Электр энергиясын өндірудегі ЖЭК үлесі шамамен 6% құрайды.

«Qazaq Green» ақпараттық порталының ақпаратына сәйкес Қазақстанда қуаттылығы 2388 МВт болатын 130 жаңартылатын энергия көздері нысаны жұмыс істейді. Олардың ішінде:

  • Қуаты 957,5 МВт болатын 46 жел электр станциясы;
  • Қуаты 1149 МВт болатын 44 күн электр станциясы;
  • Қуаты 280 МВт болатын 37 гидроэлектростанция;
  • Қуаты 1,82 МВт болатын 3 биоэлектр станциясы.

Қарағанды облысында жаңартылатын энергия көздерінің жиынтық белгіленген қуаты 233,67 МВт, ал ҚР - дағы жалпы белгіленген қуаттың үлесі - 11,6% құрайды.

Қарағанды облысындағы жаңартылатын энергия көздерінің объектілері:

  • ГЭС – «Қазсушар» РМК Қарағанды филиалы-0,6 МВт,
  • «СЭС Саран» ЖШС - 100 МВт,
  • КПМ Дельта СЭС Гүлшат - 40 МВт,
  • «Қаз солар 50» ЖШС - 50 МВт,
  • «Қаз солар 50» ЖШС - 26 МВт,
  • «KazGreenEnergy» ЖШС (Қазақмыс) - 50 МВт,
  • Биос-Құрма агрофирмасы ЖШС - 1,07 МВт.

 

 

 Қазақ тіліне аударған: Маликова Дильназ Арманқызы.