29. 11. 2022 – Қарағанды

Еуропалық сарапшылар Қарағандыдағы климаттық мәселелерді шешудегі тәжірибелерімен бөлісті

Қарағанды ​​облыстық Экологиялық Мұражайында іс-шаралар өтті. Онда еуропалық сарапшылар климаттың өзгеруі проблемаларын шешу, оның әсерін азайту және бейімделу жоспарларын әзірлеу бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

17-18 қарашада өткен «Климаттың өзгеруін жергілікті саясатқа енгізудің практикалық мысалдары» семинарында Чехия Қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі Даниэль Вондроуш Еуропаның кейбір аймақтары мен қалаларында,климаттың өзгеруіне бейімделуге және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетін шараларды жүзеге асыра алғаны жайлы айтты. Жиында қазақстандық сарапшылар да сөз сөйледі. Олар өнеркәсіптік ауаның ластануы және оның климаттың өзгеруіне қалай әсер ететіні туралы айтты. Сарапшылар климаттың өзгеруі Қарағанды ​​облысына және оның экономикасына қалай әсер ететінін, сондай-ақ бұл әсерді азайту үшін қандай шараларды жүзеге асыруға болатынын талқылады. Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамыту, жел мен күн әлеуетін қалай пайдалануға болады. Бұл маңызды процестерге қоғам қалай қатыса алады.

ЭкоМұражайдың директоры Дмитрий Калмыков қатысушылардың назарын аударды: «Қазақстан климаттың өзгеруінен туындаған мәселелермен бетпе-бет келуде. Бірақ көбісі климаттың өзгеруіне әлі де сенбейді. Алайда, ұзақ мерзімді метеорологиялық бақылаулар мұның шынымен болып жатқанын анық растайды. Дегенмен, климаттың өзгеруі мәселелеріне ұлттық деңгейде де, өңірлік деңгейде де әлі де жеткіліксіз көңіл бөлінуде. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және болып жатқан климаттық өзгерістерге бейімделу шаралары еліміздің стратегиялық құжаттарында жоқ. Екінші жыл әзірленіп жатқан төмен көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу стратегиясы әлі қабылданған жоқ».

«Арника» ҮЕҰ чех экологтары жергілікті белсенділермен де кездесті. Олар Қарағанды ​​облысының климаттың өзгеруіне әсерін азайтуға және елді мекендердің өмірін жақсартуға көмектесетін идеяларды талқылады. Иржи Видиекан, чех үкіметтік емес ұйымының жоба үйлестірушісі: «Біз кездестірген адамдар, әсіресе жастар климаттың өзгеруі әсерінің маңыздылығын және осы проблемаларды шұғыл шешу қажеттігін түсінеді. Бізге тек олардың өзгеріске қатысуына мүмкіндік беру керек. Мемлекеттік органдар өздерінің жоспарлары мен іс-әрекеттері туралы азаматтық қоғамды ақпараттандыруға мүдделі болуы керек. Біз бәріміз бір-бірімізге қарсы емес, бірге жұмыс істеуіміз керек, осылайша "жоғарыдан төменге" және "төменнен жоғарыға" өзгерістерді басқару мақсаттарға жету үшін ортада бір жерде кездесе алу үшін».

Қарағанды ​​облыстық экологиялық мұражайы мен Чехияның «Арника» қоғамдық ұйымы Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асырып жатқан «Участие гражданского общества в смягчении последствий изменения климата» жобасы осы бос орындарды толтыруға арналған. Мемлекеттік қызметкерлер мен қоғам климаттың өзгеруінің салдарын жұмсарту және өнеркәсіптік ластанулардың аймақтың экологиялық жүйелеріне әсерін азайту бойынша халықаралық тәжірибені пайдаланудың бірегей мүмкіндігіне ие.


Александр Кушкиннің суреттері.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласа аласыз:

- Мартин Зелинка, martin.zelinka@arnika.org, +420 720 208 217;

- Ирина Игнатович, irina.ignatovich@ecomuseum.kz, +7 7212 50-45-61 (62), +7 705 759-99-09;

- Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақтың делегациясы, delegation-kazakhstan-pic@eeas.europa.eu.

Қазақ тіліне аударған Ерболқызы Дильназ.

 

Loga.png
 
Жобаны Еуропалық Одақ қаржыландырады