Жаңалықтар

АҚТАУ - Қоршаған орта жағдайы туралы жұртшылықты қандай құралдармен ақпараттандыруға болады және азаматтар шешім қабылдау үдерісіне қалай тиімді әсер ете алады деген мәселелер Қазақстанның Маңғыстау облысы Ақтау қаласында осы аптада өткен семинарлар сериясының негізгі тақырыбы болды. Маңғыстау облысының, Орталық Қазақстан мен Чехияның сарапшылары аймақтың экологиялық ыстық нүктелерінің он-лайн картасын көрсетті.    
АҚТАУ – Бүгін Маңғыстауда міндеттерінің бірі экологиялық «нашар аймақты» анықтау болып табылатын Еуропа Одағы қаржыландыратын жоба іске қосылды. Сонымен қатар жоба азаматтарды қоршаған орта жөнінде ақпарат алуға және шешімдер қабылдау рәсімдеріне тиімді қатысуға оқытатын болады. Көрсетілген бастама Қазақстан Республикасы 2000 жылы бекіткен жұртшылықты қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер бойынша әділеттілікке қол жеткізу және шешім қабылдауға қатыстыру, ақпаратқа қол жетімділік туралы конвенцияның (Орхусс конвенциясының) іске асырылуын жақсартуға үлесін қосады. Аталған үш жылдық жоба Еуропа Одағының қаржылық қолдауы арқылы жүзеге асырылады.
Страница 4 из 4