Үстірт – дүниежүзілік мұра

Ашық хат


Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

2013 жылдан бастап Үстірт мемлекеттік табиғи қорығына ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұрасы нысаны мәртебесіне ұсынуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Аталған бастама Үстірт жонының бірегей биологиялық және ландшафттық түрлілігін сақтауға және аймақтың тұрақты дамуына, оның ішінде «Қазақстан-2050» стратегиялық даму бағдарламасына сәйкес ішкі және халықаралық туризмді дамытуға бағытталған.

Өкінішке орай, айтарлықтай кедергі болып тұрған мәселе – Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының оңтүстік шекарасына Қансу (Хансу) газ кен орнының жақын орналасуы. Қорық шекарасына жақын жерде мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру – ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұра нысаны мәртебесі үшін негізгі критерийлердің бірі болып саналатын қорғаудағы қарақұйрық, уриал, қарақалдардың үстірттік популяциясының құруы мен бірегей ландшафттың эстетикалық құндылығының жоғалуына әкеліп соқтырады.

Бұл мәселенің шешімі бар. Болжалды қоры 25-125 млн. кубометр газ болатын Қансу кен орнынан басқа Үстірт қорығынан едәуір алшақта орналасқан, келешегі бар, қазіргі таңда жұмысы тоқтатылған Ақсу- Кендірлі, Пионерское және Самтыр (атау ретіне сәйкес 420, 290 және 610 млн.кубометр қоры бар) газ кен орындары бар. Бұл газ кен орындары аймақтың табиғатына, қорық пен Маңғыстауда ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұра объектісін құру жоспарына залалын тигізбейді.

Қол қою парағы

Біз, төмендегі қол қойғандар, Үстірт мемлекеттік табиғи қорығына ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұра нысаны мәртебесіне ұсынуға және Қансу кен орнының өңдеу жұмыстарына уақытша тыйым салып, кен өңдеу жұмыстарын келешегі бар Ақсу-Кендірлі, Пионерское және Самтыр кен орындарында жүргізуге және шешім қабылдау барысында жұртшылықтың пікірін есепке алуды өтінеміз.

Подписать петицию